2025 жылғы 27 мамырда Шал ақын ауданы әкімдігінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жорабек Әбдімажитұлы Дәуреновтың қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес барысында 2025 жылы өтетін ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы талқыланды. Кеңеске Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тимирязев және Шал ақын аудандарының әкім орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, ветеринария, статистика және ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты.
Іс-шара аясында әр ауданның дайындық жұмыстары пысықталып, өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.
🌾 Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының тірегі!