2025 жылғы 26 мамырда аудан әкімінің жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Жарқын Мухамеджановтың төрағалығымен Ақанбарақ, Афанасьевка, Куприяновка, Сухорабовка және Ольгинка ауылдарында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарының барысы талқыланған кеңес өтті.
Кеңеске мердігер ұйымдармен қатар авторлық және техникалық қадағалау қызметтерінің өкілдері де қатысты. Құрылыс қарқыны, кездесіп жатқан кедергілер мен оларды шешу жолдары сөз болды. Әр ауылдағы жұмыс барысы жеке қаралды.
Ауызсу жүйелерінің уақытылы әрі сапалы іске қосылуы – басты міндет. Бұл – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды жоба.