«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағы негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Новопокров ауылдық округінің әкімдігі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы 23 маусым мен 23 шілде аралығында келесі мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 20 маусымға дейін (қоса алғанда) келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 2-47-82.