Қазақстанда жалпы декларация: есепті қалай дұрыс тапсыру керек
Городецк, Городецк ауылдық округінде ағымдағы жылдың 04 сәуірінде жалпы бірдей декларациялау мәселелері бойынша акция өткізілді. Тұрғындардың сауалына аудандық салық комитетінің қызметкерлерінің қатысуымен округ тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі 2024 жылдан басталады деп кеңес берді. Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 1 қаңтардағы жағдай бойынша заңды тұлғаның басқарушысы, құрылтайшысы, дара кәсіпкер және олардың жұбайы болып табылатын азаматтар тапсыруы тиіс. «Ресми түрде оның басқа атауы бар - Активтер мен міндеттемелер туралы декларация - 250.00 нысаны. Бір жылдан кейін, яғни, 2025 жылы кәсіпкерлер осы декларация нысанының орнына 270.00 нысаны бойынша Кіріс пен мүлік туралы Декларацияны тапсыруы керек», сондай-ақ Декларацияны екі жолмен: қағаз және электронды түрде ұсынуға болатынын айтты. Декларацияны қағаз жеткізгіште Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне хабарламамен тапсырыс хатпен жіберу арқылы тапсыруға болады. Электронды түрде: салық төлеушінің кабинеті, eGov порталы, «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы. Декларацияны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсыра аласыз. Бұл ретте оны қағаз жеткізгіште 2024 жылғы 15 шілдеден, электронды түрде – 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну мерзімі туралы айтылды. Сондай-ақ парақшалар/брошюралар/ таратылды.