Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нурмухамбетов халықпен кездесуде өңірде "Қызылжар жастары" жастар ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, бағдарлама 35 жасқа дейінгі солтүстік қазақстандықтарға арналған.
- "Қызылжар жастары"өңірлік жастар ипотекалық бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Біз қаражаттың жартысын жергілікті бюджеттен бөлеміз, - деді Г.Нұрмұхамбетов.
Әлеуметтік салада, құқық қорғау органдарында, энергетика саласында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған бағдарлама 2022 жылы әзірленді және 2023 жылы іске қосылуы тиіс.
Жоспар бойынша, Петропавлда жыл соңына дейін 20 көпқабатты үй салынады, оның ішінде жалға берілетін-коммуналдық үй.