2025 жылғы 13 мамыр күні сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласындағы Amanat ғимаратында, ХҚКО-да және аудандық емханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың жұмысы аясында халыққа заңгерлік кеңес берілді.
Жобаның негізгі мақсаты – әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және азаматтардың өзекті мәселелерін заң аясында мүмкіндігінше жедел шешу.
Кеңесшілер ретінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің заңгерлері мен адвокаттары қатысты.
Жыл ішінде мобильдік топ облыс аудандарын аралап шығады.
Әрбір кездесу барысында мониторингтік топтың мүшелері азаматтардың назарын сыбайлас жемқорлық мәселелеріне аударады және сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда қайда жүгіну қажет екені туралы ақпараттық брошюралар таратады.
Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы» КММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кешенді іс-шаралар» жобасы бойынша өткізілді.