"Зеленый Север" ЖШС жылыжай кешені-өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі

"Зеленый Север" ЖШС жылыжай кешені-өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі

2023 жылы Петропавл қаласында инвестиция көлемі 7,2 млрд теңге және 50 жаңа жұмыс орнын құрумен "Зеленый Север" ЖШС заманауи жылыжай кешені іске қосылды. Кешен облысты жылына 2,7 мың тонна жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ете алады, бұл өңірдің жалпы қажеттілігінің 30% - на дейін жабады. Жылыжайда климатты бақылаудың, тамшылатып суарудың, қосымша жарықтандырудың және көп тізбекті жылытудың жоғары технологиялық жүйелерін қолдана отырып, автоматты режимде сақталатын оңтайлы микроклимат құрылды. Осы жағдайлардың арқасында көкөніс өнімдерін жыл бойы тұрақты өсіру қамтамасыз етіледі. Өнімді өткізу жергілікті сауда желілері арқылы нарықтық бағадан төмен бағамен жүзеге асырылады, бұл бағаның маусымдық өсуін тежеуге ғана емес, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда шешуші рөл атқарады.