2024 жылы ұйымдасқан шаруашылықтарда 17962,3 тонна сүт алынды, өсім 111,8% құрады (2023 жылы - 16065,7 тонна).
2025 жылғы қаңтар-наурызда 4645,7 тонна сүт алынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға артық (2023 жылғы қаңтар-наурыз 4590,4 тонна).
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша бүгінгі таңда 6 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді, оның ішінде 4 заманауи ферма «Астык Привольный» ЖШС, «Возвышенка-СК», «УК Әділ» және «Колос» ШҚ).
Сондай-ақ, сүт өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында «Буденное-СК» ЖШС-нің 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы және «Нежинка-Ерке» ЖШС мен «Колос» ШҚ-да қолданыстағы өндірісті кеңейту жүргізілуде.
«Буденное-СК» ЖШС ағымдағы жылдың соңына дейін асыл тұқымды импорттық мал өсіруді жоспарлап отыр.