Телемедицина қарқынды дамуда: Жыл басталғалы 1200 солтүстікқазақстандық кеңес алған

Телемедицина қарқынды дамуда: Жыл басталғалы 1200 солтүстікқазақстандық кеңес алған

СҚО-да телемедицина пилоттық жобасы іске асырылды. Бұл жоба француздық «C3Medical» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында іске қосылған болатын. Нәтижесінде 2025 жылдың үш айында 1200 адам мамандар кеңесін алып үлгерген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Пилоттық жоба аясында ауылдық жерлердегі медициналықұйымдарда16телемедициналықкешенорнатылды.Бұл шалғайда жатқан елді мекентұрғындарынаауылданшықпай-ақ мамандар кеңсіналуға мүмкіндік берді.

«Бүгінгі күні пилоттық жоба аяқталды. Айта кетерлігі  2025 жылдың 3 айында телемедицина арқылы 1200 – ден астам консультация өткізілді, оның 617 - ден астамы - ішкі, 644 - сыртқы, яғни облыстық мекемелердің мамандарымен консультациялар. Осы пилоттық жоба аясында ауыл тұрғындары ауылдан шықпай - ақ аудандық ауруханалар деңгейінде жоқ мамандардан кеңес алуға мүмкіндік алды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ауыл тұрғындары телемедицина арқылы кардиолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, оториноларинголог, аллерголог, нефролог, сондай-ақ балалар мамандарына көбірек жүргінген екен. Жоба басталғалы тоғыз мыңнан астам тұрғын кеңес алған.