«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы: Инвестициялар және даму

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы: Инвестициялар және даму

«Qyzyljar» АЭА 2019 жылы құрылды (ҚР Үкіметінің 11.10.2019 жылғы №758 Қаулысы). Аумағы-212,3 га, 4 субаймақты қамтиды.

Бүгінгі таңда 21 қатысушы тіркелді, Инвестициялар — 315,9 млрд теңге, 3,9 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.

676 жаңа жұмыс орнын құрумен 28,4 млрд теңгеге 5 жұмыс істеп тұрған жоба іске қосылды. Олардың ішінде-күштік трансформаторларды өндіру және сату, а/ш техникасын құрастыру, фин а/ш техникасын құрастыру компаниясы, а/ш тіркеме техникасын өндіру, ДСП және фанера өндірісі

2509 жаңа жұмыс орнын құрумен 263,7 млрд теңгеге 8 жобаны іске асыру сатысында. Бағыттар-аурухана салу, паллет, кран жабдықтарын шығару, саңырауқұлақтар, май, нан-тоқаш өнімдері, тракторлар мен картон өндіру.

АЭА-ның 9 қатысушысы жобаларды іске асыруға кіріседі (дірілді басу әдісімен темірбетон құбырларын өндіру; жемшөп ашытқыларын өндіру; майлы дақылдарды қайта өңдеу; мотор-редукторлар өндірісі; желімделген арқалықтар, погонаж бұйымдары өндірісі, үй құрылысы; ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жемшөп өндірісі; Үй жануарларына арналған дайын жемшөп өндірісі; жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкциялар өндірісі; керамикалық кірпіш өндірісі;).

«Qyzyljar» АЭА-Солтүстік Қазақстандағы өнеркәсіптің өсу нүктесі және инвестициялардың тартылуы.