Отбасылық құндылықтар - сарқылмас қазына

Отбасылық құндылықтар - сарқылмас қазына

2024 жылғы 7 тамызда ата-аналар мен балаларда отбасының жағымды бейнесін қалыптастыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге адамгершілік қатынасты тәрбиелеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Отбасылық құндылықтар - сарқылмас қазына» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы «Сенімен болашақ» РҚБ СҚОФ облыстық Ассамблеямен бірлесіп, ата-аналардың екеуінің де бала тәрбиесіне қатысуының маңыздылығын, жасөспірімдер мен оның ата-аналарының толыққанды қарым-қатынасы туралы, үйде салауатты атмосфераны сақтау туралы атап өтті.

Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, педагогтар қатысты.

Өз сөзінде Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Гүлбахша Нұрмұқанқызы Мұсабаева дені сау ұлтты тәрбиелеудегі ананың рөлі туралы айтты.

«Балаларын дұрыс тәрбиелеу және оларға тиісті көңіл бөлу арқылы біздің елімізде нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және лудоманиямен байланысты жағдайды түзететінімізге сенімдімін. Біздің Президентіміз биылғы жылы Атырау қаласында Ұлттық құрылтайда осы мәселелер туралы айтқанын білесіздер. Мақсатымыз айқын болса, армандар орындалады», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Сәлімхан Сәбитов.

СҚО ҚХА