«М. Қозыбаев атындағы СҚУ ҚХА кафедрасының Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясымен ынтымақтастық векторы»

«М. Қозыбаев атындағы СҚУ ҚХА кафедрасының Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясымен ынтымақтастық векторы»

ҚХА кафедрасы мен «Қоғамдық келісім» КММ жүйелі түрде өзара іс-қимыл жасау тетігін қалыптастыру және басқа да мәселелер ҚХА кафедрасының 10 жылдығын мерекелеу аясында «М. Қозыбаев атындағы СҚУ ҚХА кафедрасының Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясымен ынтымақтастық векторы» атты диалог алаңында талқыланды.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Оспанов Кемел Қарашаұлы, облыстық Ассамблея мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің, Петропавл қ. № 17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің өкілдері, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, «Шаңырақ» Қазақстан халқы ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ төрайымы (Астана қ.), саяси ғылымдарының докторы, профессор Калашникова Наталья Павловна қатысты.

Қонақтарға Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің кабинеттеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Диалог алаңы барысында «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы ғылыми-әдістемелік бірлестігінің белсенді мүшелері, ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ және СҚО әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Қазақстан халқы ассамблеясы залына барумен аяқталды.

Салимхан Сабитов,
СҚО ҚХА журналисттер Клубының мүшесі