
Татулық пен бірлік - біздің жарқын және бақытты болашағымыздың кепілі! Әр түрлі этностардың тақырыптық мерекелерде жиналып, олардың мәдениеті туралы көбірек біліп, шай іше отыра өзекті мәселелер мен оқиғаларды талқылап жатқанын көру ғанибет.
Бұл мақсатта басқа да жарқын мерекелермен қатар Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы өткізетін іс-шараларда әр этностың өмірінен көп нәрсені білуге болады.
Жыл сайын «Hangug Qazaqstan» қоғамдық бірлестігінің өкілдері жүрекке жақын қонақтарды, оның ішінде басқа этномәдени орталықтардың өкілдерін шақыра отырып, Соллаль (корей Жаңа жылы) жарқын мерекесін ұйымдастырады.
Биыл мереке «Family time» кафесінде өтті. Корей мәдениеті әлеміне саяхат хош иісті таяқшалар мен тағамдардың жағымды иістерінен, заманауи әсерлі музыкадан және, әрине, стильденген шыршадан басталды!
Іс-шараның басында барлығына мереке туралы қысқаша айтылды, өйткені залда әртүрлі этностардың өкілдері жиналды. Соллаль - бұл маңызды дәстүрлі корей мерекесі, сонымен қатар барлық туыстар мен достардың жиналуына ерекше себеп. Датасы жылдан жылға өзгеріп отырады, өйткені бұл жаңа жыл ай күнтізбесі бойынша белгіленеді. Бұл мерекеде барлық отбасы мүшелері жиналады, ұлттық салт жораларды орындап, дәстүрлі тағамдар жейді және халық ойындарын ойнайды.
Бүгін де барлық жақын адамдар – отбасы мүшелері, достар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері жиналды. Іс-шараның барлық қонақтарын «Hangug Qazagstan» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Алексей мен Наталья Хан құттықтады. Іс-шара қонақтарына көптеген жылы, жақсы тілек сөздері айтылды. Оңтүстік Кореядан келген корей этномәдени орталығының беделді мүшелерінің бірі Пак Сун Хидің тілектері ерекше жағымды болды. Корейлерді Ассамблея өкілдері – «Радзіма» беларусь мәдени орталығының төрайымы Мария Татаренко және еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Рашбиль Евдаев құттықтады.
Корей тағамдары әлемі өте таңқаларлық әрі қызықты. Үстелде Кореяның дәмі мен дәстүрі байлығын ашатын түрлі тағамдар ұсынылды.
Дәмді тағамдардың арасында «пигоди» – нәзік бітімімен және қаныққан дәмімен қонақтарды таң қалдырған буға пісірілген дәмді бәліштер болды. Қонақтар сонымен қатар сарымсақ, күнжіт майы, бұрыш және басқа ингредиенттері бар соя тұздығымен хош иістендірілген қоспада маринадталған маш өскіндерінен жасалған «Чиргум-ча» салатының дәмін татты. Бұл салат түскі немесе кешкі асқа балғындық пен бітім беріп, әртүрлі негізгі корей тағамдарымен тамаша үйлеседі. Үстелде бізге таныс корей стиліндегі классикалық сәбіз болды, ащы және тәтті дәмдердің ерекше үйлесімі бар бұл салатты басқа этностардың кез-келген мерекелік үстелінде кездестіруге болады. Тәбетті бірден оятатын, қышқыл-ащы дәмі бар «кимчи» - корейлік «қанықтырылған көкөністерге» ерекше назар аударылды.
Қонақтарға шығармашылық бағдарлама дайындалды. Қонақтар музыкалық байқауларға қатысып, дұрыс жауаптарға сүйкімді кәдесыйлар алды. Осы мерекенің жүргізушісі болған Алма Банных бірнеше танымал әндерді шырқады. Нәтижесінде, бір үстел басына жиналған адамдар дәмді кешкі ас ішіп қана қоймай, бір-бірімен танысып, көптеген мәселелер туралы әңгімелесті, әйгілі жүрекке жылы әндерді тағы да еске алды.
Корей мәдениеті мен дәстүрлері әлеміне қызықты саяхатты аяқтай отыра, бір үстел басында жиналып, өз этностарының мәдениетімен бөлісу, бір-бірінен үйренудің қаншалықты маңызды екенін атап өткен жөн.
«Соллаль» мерекесі керемет достық күйде өтті. Әр қатысушы көптеген тілектер, жылы сөздер естіді, Кореяның керемет тағамдарынан дәм татып, түрлі этностардың қызықты адамдарымен тілдесуден ләззат алды. Сонымен қатар, «Hangug Qazaqstan» корей орталығының өкілдері бұл мерекені жыл сайынғы дәстүрге айналдыруға шешім қабылдады.
Светлана Баева
«Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы