Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі Облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесіп, С. Мұқанов атындағы кітапханада «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты кездесу өткізді. Іс-шарада көп жылғы жемісті еңбегі үшін қоғамда қадір-құрметке ие болған жерлестерге сый-құрмет көрсетілді. Шақырылған қонақтар, әріптестер мен достар ардагерлерге көрсеткен батырлығы мен рух күші үшін алғыстарын білдіріп, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер Людмила Петровна Редькинаға, ҚР ІІМ «Еңбек сіңірген учаскелік полиция инспекторы» төсбелгісінің иегері Ерсайын Ғаббасұлы Сембинге, Солтүстік Қазақстан облыстық филармонияның әртісі, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, республикалық байқаулардың лауреаты Николай Константинович Колокольчиковке, облыстық филармония камералық хорының көркемдік жетекшісі, «Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Ғалия Сәкенқызы Мұхамеджановаға, еңбек ардагері, СҚО ІІД цех ардагерлер ұйымының төрағасы Юрий Григорьевич Киселевке және Көпсалалы облыстық аурухана кардиологиялық орталығы қарқынды терапия блогының медбикесі Лятипа Сембаевна Шамгановаға зор денсаулық, мол бақыт және ұзақ өмір тіледі. Залда жас ұрпақ өкілдері де болды, ал іс-шара облыстық филармония жеке орындаушыларының музыкалық нөмірлерімен сүйемелденді. Еңбек батырларына гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.