«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетті

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетті

2023 жылғы 16 қарашада Астанада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының соңғы кезеңіне қорытынды жасалды.

Жоба Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда және өскелең ұрпақты, атап айтқанда Қазақстанның түрлі этностар өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру арқылы қазақстандық бірегейлікті дамытуға бағытталған.

Оқушылар сарайында салтанатты іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері және еліміздің барлық өңірлерінен «Мың бала» жобасының жеңімпаздары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысынан «Мың бала» жобасы өңірлік кезеңінің жеңімпаздары – «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша Шал ақын ауданы Новопокровка орта мектебінің оқушысы Никита Скоба және «Жарқыра, жас дарын!» номинациясы бойынша Петропавл қ. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектептің оқушысы Айсун Асланова қатысты. Балаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында конкурстың барлық жеңімпаздары қазақ ақындарының, мәдениет қайраткерлерінің музыкалық туындыларын орындау, мәнерлеп оқу, сондай-ақ өздері шығарған өлеңдерін оқу және т.б. бойынша концерттік нөмірлерін паш етті.