Егін жинау меркесі

Егін жинау меркесі

Достық үйінің қабырғасында Солтүстік Қазақстан облыстық «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығы ҚБ ұйымдастырған «Сомбелә бәйрам» егін жинау мерекесі өтті.

«Сомбелә бәйраме» - егін жинаудың аяқталуын бейнелейтін мереке. Бұл мереке әдетте 22 қыркүйек күні тойланатын. Мерекені тойлау ортаға Сомбелә аруын шақырумен басталды, осынау дәстүр ежелден бері Сомбелә бәйрәмының басталауын білдіреді.

Биылғы жылы «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығы бұл мерекеге ерекше дайындалды, келген қонақтарды ұлттық әндермен және ойындарымен қуантып қана қоймай тәтті сыйлықтар да тараттты. Белсенділер ішінде кішкентай бүлдіршіндер де болды, олар келген қонақтарды өз өнерімен қуантты.

Мереке қонақтары рентінде «Қазақстанның Орыс қауымы» ҚБ, сондай-ақ «Кентрон» армян этномәдени бірлестігінің өкілдері де болды. Сомбелә бәйраме барлық қатысушылардың марапаттаумен және қатысушылар мен қонақтардың көңілді биімен аяқталды.

СҚО ҚХА Журналистер клубының мүшесі
Сулейменова Камила