«Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы бойынша онлайн-семинар

«Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы бойынша онлайн-семинар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 5 қарашада сағат 11.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) «ZOOM» платформасы арқылы жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, облыстық басқармалардың бірінші басшыларының, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің қатысуымен «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасына қатысты медиа-жоспар бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үйлестірушісі қатысушыларды жобаның бағыттарымен, мақсаттарымен, міндеттерімен және іске асыру тетіктерімен таныстырды.

«Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту — Ұлттық жобасының бірінші бағыты.

Екінші бағыт мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сапасын арттыру және отандық мәдени өнімді танымал ету жөніндегі міндеттерді қамтиды.

Үшінші бағыт — «Тәуелсіздік ұрпақтары». Бұл — жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы қызметке тарту.