«Покровский перезвон» славян мәдениетінің мерекесі

«Покровский перезвон» славян мәдениетінің мерекесі

17 қазанда филармонияның концерт залында 15-ші жыл сайынғы Орыс, славян және казак мәдениетінің «Покровский перезвон» фестивалі өтті, оған Петропавл қаласынан, облыс аудандарынан және Алматы қаласынан 18 шығармашылық ұжым мен солистер қатысты. Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту құрметіне өткізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Наталья Дементьева, казак атамандарының үйлестіру кеңесінің төрағасы генерал Юрий Захаров, сондай-ақ ҚХА этносаралық қатынастар және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Бағдат Мұқанова құттықтады.