СҚО ҚХА Достық үйiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жолдауы талқыланды

СҚО ҚХА Достық үйiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жолдауы талқыланды

6 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысының Достық үйiнде Қазақстан Республикасының Президентi Қ.К. Тоқаевтың «Халық бiрлiгi және жүйелi реформалар-елдiң өркендеуiнiң берiк негiзi» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өттi

Iс-шараның модераторы, СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушiсi Ж.С. Жолмұханова құжатта елдiң шоғырландырылған әлеуметтiк-экономикалық дамуының маңызды векторлары көрсетiлгенiн атап өттi. Тiптi Жолдаудың атауы жүйелi реформалардың сабақтастығы мен жалғасу қағидатын растайды.

Диалогқа облыстың этномәдени бiрлестiктерiнiң және СҚО ҚХА құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының СҚО бойынша филиалының директоры, СҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесi Лаура Советқызы Қайыржанова Жолдауда айтылған мемлекеттiк қызметшiлер жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру тақырыбына назар аударды.

Елбасының жолдауы аясында Тiл саясаты мәселелерi туралы «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Гүлбахша Нұрмұқанқызы Мұсабаева өз ойларын ортаға салды.

«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының басшысы Витченко Владимир Николаевич Қазақстанның экономикалық даму перспективалары туралы пiкiр бiлдiрдi.

Әрбiр Жолдауда Президент тек экономикалық қана емес, әлеуметтiк мәселелердi де жария етедi. Осыған байланысты облыстық Аналар кеңесiнiң төрайымы Смаилова Күлiмқоз Қайырбайқызы отбасылық құндылықтар тақырыбындағы өз ойымен бөлiстi.

Ж.С. Жолмұханова дөңгелек үстел жұмысының соңында айтылған ойлары үшiн алғысын бiлдiрдi.

«Президент Жолдауымен нақты мiндеттер қойылды. Бiз СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы аясында оны жүзеге асыру үшiн күш салуымыз қажет», — дедi ол дөңгелек үстелге қатысушыларға.