Тiл — руханият тiрегi

Тiл — руханият тiрегi

А.ж. 3 қыркүйегiнде облыстық Сәбита Мұқанов ат. кiтапханада Қазақстан халқы Тiлдерi күнiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi.

Ұйымдастырушылар — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, тiлдердi дамыту және мұрағат iсi басқармасы. Iс-шараға бiрнеше тiлдi меңгерген облыс жастары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тiл саясатын дамытуға елеулi үлес қосқан азаматтар қатысты.

Облыс аудандары мен мекемелер, кәсiпорындар мен ұйымдар өкiлдерi тiкелей эфирге онлайн режимде қосылды. Барлығы 60 адам.

Iс-шарада тiлтанушы Оразкүл Асанғазы, Ресей Федерациясы Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының президентi Есенғали Қамзеұлы Ибраев, М.Қозыбаев ат. СҚУ студентi Карина Мелихова, Хан Алексей Евгеньевич — "Hangug Qazaqstan" ҚБ төрағасы сөз сөйледi

Iс-шараға қатысушыларды мәдениет, тiлдердi дамыту және архив iсi басқармасы басшысының м.а. Досбол Нұржанұлы Әбдриисов құттықтады. Бiрқатар азаматтарды тiлдердi дамыту мен мемлекеттiк тiл саясатын насихаттауға және Қазақстан халқының Тiлдер күнiне байланысты қосқан үлесi үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Тiл саясаты комитетiнiң дипломдарымен марапаттау рәсiмi өттi.