Өткендi болашақ үшiн есте сақтауымыз қажет

Өткендi болашақ үшiн есте сақтауымыз қажет

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi VI саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесiн iлгерiлетудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен елiмiзде жыл сайын «Ақ орамал» акциясы өткiзiледi.

Биыл Солтүстiк Қазақстан облысында аталмыш акция Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған болатын.

Акцияның мақсаты — облыс тұрғындарын этникалық шығу тегiне, әлеуметтiк, дiни немесе өзге де қатыстылығына қарамастан, бейбiтшiлiк идеясының айналасына топтастыру, қоғамдағы бiрлiк пен келiсiмдi және азаматтардың елдiң бейбiт болашағына деген сенiмiн арттыру.

Ақ орамалдың қазақ тарихында мағынасы тереңде жатыр. Бұл ана символы, ана сүтiнiң түсi адамзат өмiрiнiң негiзi, ар-намыс пен адалдықтың, пәктiктiң нышаны болып табылады.

Аталмыш шараға Солтүстiк Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған iс-шараға СҚО ҚХА облыстық ардагерлер кеңесi мен Аналар кеңесiнiң өкiлдерi, этномәдени бiрлестiктердiң басшылары қатысты.

Акцияны өткiзбес бұрын Достық үйiнiң белсендiлерi облыс орталығындағы гүлзарлардың бiрiнде орналасқан ескерткiштi тазалау жұмыстарын жүргiздi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкiлдерi 1949-1991 жылдары Семей ядролық полигонындағы сынақ қатысушыларын және Чернобыль АЭС салдарын жоюшыларын бiр минут үнсiздiкпен еске алып, ескерткiшке гүл шоқтарын қойды.

Солтүстiк Қазақстан облыстық
Қазақстан халқы Ассамблеясы