СҚО-да Тәуелсiз Қазақстанның жетiстiктерге арналған дөңгелек үстел өттi

СҚО-да Тәуелсiз Қазақстанның жетiстiктерге арналған дөңгелек үстел өттi

СҚО-да а.ж. 25 тамызында Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдық кезеңдегi жетiстiктерiн талқылау бойынша өңiрдi дамыту мәнмәтiнiнде С. Мұқанов атындығы облыстық әмбебап кiтапханасында «Тәуелсiз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Солтүстiк Қазақстан облысының басты жетiстiктерi» атты Тәуелсiз Қазақстанның жетiстiктерiне арналған дөңгелек үстел өттi.

Iс-шараға мемлекеттiк органдар, СҚО ҚХА, жастар, азаматтық сектор өкiлдерi, «Қазақстанның 100 жаңа есiмi» жобасына қатысушылар және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының қалыптасуының тарихи кезеңдерi, тәуелсiздiк жылдарындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту, өңiрдегi конфессияаралық және этносаралық келiсiмдi нығайту жөнiндегi қызмет, үкiметтiк емес секторды қолдау жөнiндегi өңiрлiк Азаматтық Альянстың қызметi, жастар және мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғырту және т. б. кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Жалпы, барлық қатысушылар тәуелсiздiктiң қысқа кезеңiнде республика түрлi салаларда ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыратын заманауи, бәсекеге қабiлеттi мемлекетке айналғанын атап өттi. Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен қазiргi президент Қ.К. Тоқаевтың салиқалы және көреген саясатының арқасында қазiргi Қазақстанды халықаралық қауымдастық толерантты, зайырлы, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретiнде таниды. Ал Солтүстiк Қазақстан облысы «Қуатты өңiрлер — Қуатты Қазақстан» тезисiн өзiнiң табыстарымен дәлелдей отырып, Қазақстанның қарышты дамуына қомақты үлес қосуда.