Арт-терапия

Арт-терапия

Петропавл қаласында «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бiрлестiгi» ЗТБ кеңсесiнде мүмкiндiктерi шектеулi тұлғалар арасында арт-терапия курсы өттi.

Арт-терапияның негiзгi мақсаты — өзiн-өзi көрсету және өзiн-өзi тану қабiлетiн дамыту арқылы психикалық жағдайды үйлестiру. Арт-терапия әдiсi адамның iшкi «менiнiң» мазмұны сурет салған немесе мүсiн жасаған кезде визуалды бейнелерде көрiнiс табады деген сенiмге негiзделген, оның барысында психиканың күйi үйлеседi.

Аталған iс-шараға мүмкiндiгi шектеулi жандар арасында 6 адам қатысты. Қатысушылар арт-терапия әдiстерiн қолдана отырып, психологиялық стресстi жеңiлдету дағдысын алды, отбасы мүшелерiне деген қорқыныштарын көрдi, өздерiне деген қарым-қатынасы басқалардың байқағандарынан қалай ерекшеленетiнiн көруге тырысты.