«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Ү.ж. 15 шілдеде С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық    кітапханада онлайн форматта «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Конкурс отбасылық құндылықтарды нығайтуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылы аудандық және қалалық «Мерейлі отбасы» байқауларына 122 отбасы қатысты. Қатысушылардың 40% - дан астамы көп балалы отбасылар екенін атап өткен жөн. Отбасылар, еңбек әулеттері өкілдерінің саны өсті, жас отбасылар саны артты. Байқаудың аймақтық кезеңіне 29 отбасы қатысты. Жеңімпаздар: 1 орын — Крейдун отбасы, Шал ақын ауданы, 2 орын — Сагандыковтар отбасы, Мамлют ауданы, 3 орын — Бекенай отбасы, Ақжар ауданы. Айта кетейік, Крейдун отбасы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының республикалық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

#Qazaqstan30