Тренинг

Тренинг

2021 жылдың 7 шілдесінде Аққайың ауданының жастары үшін «Смирнов № 1 орта мектебі» КММ базасында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Ескерту жақсы... » тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық білімді насихаттауға, өз бетінше жауапты шешім қабылдау, күрделі жағдайларды сыни талдау дағдыларын қалыптастыруға, оқушылардың теріс қылық жасай отырып, олар заңды бұзып қана қоймай, өз туыстары мен басқа адамдарға зиян келтіретінін түсінуін қалыптастыруға, топта жұмыс істей білуді дамытуға, өз көзқарастарын білдіруге, пікірталас жүргізуге бағытталған.

Тренинг аясында балалардың зиянды әдеттер туралы түсінігі кеңейтіліп, негізінен құқық бұзушылыққа әкелетін зиянды әдеттер туралы түсінік берілді. Өткізілген жаттығулар темекіге, алкогольге, нашақорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеуге ықпал етті. Жаттығулар құрдастарының қысымына қарсы тұруға, сыни ойлауды дамытуға, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеуге үйретті.