Мастер-класс

Мастер-класс

2021 жылдың 30 маусымында  атақты спортшы, спорт шебері, 20-21 ж. ж. баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионы Максим Сергеевич Налоговты тарта отырып, жастарға арналған мастер-класс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты жастарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, спорт секцияларында шұғылданушылардың үлесін арттыру болып табылады.

Мастер-класс барысында допты иелену негіздері, лақтыруды орындау техникасы және баскетбол ойынының тактикасы көрсетілді. Осы форматтағы шеберлік сыныптары жастардың белгілі спортшылармен одан әрі ынтымақтастығына мүмкіндік береді, бұл облыста спорттың дамуына ықпал етеді.