Foundation факультетiнiң тыңдаушылары Айыртау ауданының көрiктi жерлерiн аралады

Foundation факультетiнiң тыңдаушылары Айыртау ауданының көрiктi жерлерiн аралады

Ү.ж. 9 маусымда этникалық репатрианттар қатарындағы жастарды Қазақстанның полиэтникалық қоғамына интеграциялау жоспарын iске асыру шеңберiнде "Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы" СҚОФ iшкi саясат басқармасының қолдауымен М.Қозыбаев ат. СҚУ Foundation факультетi тыңдаушыларының Айыртау ауданына келуiн ұйымдастырды.

Студенттер ауданның маңызды көрiктi жерлерiн — Айыртау ауданындағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенiн аралады, онда Отанын жоңғар шапқыншылығынан қорғаған жауынгерлердiң көптеген жерлеу орындары, сондай-ақ XIX ғасырдағы ағаш сәулет ескерткiшi — Сырымбет мекен-жайы, қазақ ханы Абылай ханның тiкелей ұрпақтары — Уәлихановтың рулық мекен-жайы орналасқан.