Достық үйiнде "Евгений Онегин" қазақ тiлiнде шырқалды

Достық үйiнде "Евгений Онегин" қазақ тiлiнде шырқалды

4 маусым 2021 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Достық үйiнде Халықаралық Орыс тiлi күнiне А.С. Пушкиннiң 222-жылдығына және Абай шығармашылығына арналған әдеби мерекелiк iс-шара өттi.

Iс-шараны «Қазақстанның Орыс қауымдастығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы дайындады. Әдеби-музыкалық кешке "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КеАҚ Foundation факультетiнiң Тк-9с-20к тобының тыңдаушылары Канаева Альмира мен Әубәкiр Мағжан «Татьяна Ларинаның хатын» және «Евгений Онегиннiң хатын» қазақ тiлiнде оқып, А.С. Пушкиннiң романдарының беттерiн жандандырды. Факультетiмiздiң тыңдаушыларын ақынның шығармашылығына баулыған Дүниежүзi Қазақтарының Қауымдастығы "Отандастар Қоры" КеАҚ СҚОФ.