Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің СҚО бойынша департаментінде дөңгелек үстел өткізілді.

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 382 «Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Президенттің 2007 жылғы 4 маусымдағы №337 Жарлығына сәйкес

4 маусымда Республикада мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің, Петропавл қ. әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қызметкері, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Вадим Маршаков ашып, келе жатқан мерекемен құттықтады. Бағдат Мұқанова СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы туралы баяндама жасады, Азамат Кәрімов ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардағы соңғы өзгерістер туралы ақпаратты жеткізді, Ләззат Кенжетаева «Қазстандарт» РМК СК өкілі нормативтік құжаттардың мемлекеттік қоры туралы айтып берді.

Соңында қатысушылар бір-бірін келе жатқан мерекемен құттықтады.