Сынып сағаттары

Сынып сағаттары

2021 жылғы 5 мамырда Петропавл қаласының № 7 орта мектебiнiң 1- және 3-сыныптарында патриотизм және Отанға деген сүйiспеншiлiк тақырыбында сынып сағаттары өткiзiлдi.

Сынып сағаттарының мақсаты  — жастардың бойында мақтаныш сезiмiн, құрмет сезiмiн, сондай-ақ ел мен отбасы тарихын зерттеуге деген ұмтылысты қалыптастыру, сарбаздардың ерлiктерi, Отан қорғаушылар мен Ұлы Отан соғысының батырлары туралы түсiнiктердi кеңейту болып табылады.

Сынып сағаты барысында оқушылар патриотизм, Отан, Отанға деген сүйiспеншiлiк, Отан туралы мақал-мәтелдер туралы презентациямен танысты, сауалдарға жауап бердi, суреттерде қандай қалалар көрсетiлгенiн бiлдi. Оқушылар Қазақстан дегеннiң ненi бiлдiретiнiн ұғынды, сондай-ақ өздерiнiң арғы аталарының, үлкен әжелерiнiң ерлiктерi туралы мақтанышпен айтып, өз аталары мен әжелерi туралы әңгiмелеп бердi.

Сынып сағатының қорытындысы бойынша оқушылар сурет альбомдары мен фломастерлер түрiнде шағын сыйлықтар алды.