Достық үйiнде қоғамның рухани дамуындағы әйелдiң рөлi туралы әңгiме өттi

Достық үйiнде қоғамның рухани дамуындағы әйелдiң рөлi туралы әңгiме өттi

Ү.ж. 4 мамырда Достық үйiнде "Солтүстiк Қазақстан облысы Әйелдер күштерiнiң Альянсы" ЗТБ ұйымдастыруымен "Қоғамның дамуындағы және рухани жаңғырудағы әйелдiң рөлi" тақырыбында дөңгелек үстел өттi.

Дөңгелек үстел жұмысына iшкi саясат басқармасының, мұсылман және православие дiнбасыларының өкiлдерi, әйелдер күштерi Альянсының, iскер әйелдер қауымдастығының мүшелерi қатысты.

Спикерлердiң сөздерiнде ұлттың рухани жаңғыруындағы әйелдiң рөлi, оның ислам мен православиедегi орны, қазақ халқының тарихындағы орны, қазiргi қоғамдағы қыздарды тәрбиелеу, сондай-ақ экстремистiк ұйымдарға жалған дiни бағытты тарту қаупi туралы терең ойлар айтылды.