Облыстық дебат турнирi

Облыстық дебат турнирi

2021 ж. 30 сәуiрде «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетi» КЕАҚ аудиторияларында «Тәуелсiздiк ұрпағы» / «Поколение Независимости» тақырыбы бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде облыстық дебаттық турнирi өткiзiлдi.

Дебат турнирiнiң ашылуы оқу орнының 1-корпусында өттi. Дебат турнирiне барлығы 20 команда қатысты (8 — қазақ лигасы және 12 команда орыс лигасы).

Бүгiнгi таңда пiкiрталас-ең танымал зияткерлiк ойындардың бiрi және тұлғааралық қақтығыстарды әлеуметтендiрудiң, бейiмдеудiң және төмендетудiң өте жақсы тәсiлi.

1,2,3-орын алған жеңiмпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.