«Құқықтарды қалай сақтау және мiндеттердi қалай орындау керек» тренингi

«Құқықтарды қалай сақтау және мiндеттердi қалай орындау керек» тренингi

2021 жылғы 28 сәуiрде Аққайың ауданындағы «Тоқшын мектеп-гимназиясы» КММ базасында «тәуекел тобындағы» жастар үшiн «Құқықтарды қалай сақтау және мiндеттердi қалай орындау керек» тақырыбында тренинг өткiзiлдi.

Iс-шараның мақсаты — өз құқықтары туралы түсiнiктердi, олардың басқа адамдардың құқықтарымен өзара байланысын дамыту; өз мiндеттерi туралы түсiнiктердi дамыту; басқа адамдардың құқықтарын құрметтеудi және өз құқықтарын қорғауға ұмтылуды қалыптастыру.

Тренинг барысында мынадай мәселелер қозғалды: барлық адамдардың құқығы бар ма? Мiндеттер дегенiмiз не? Бiздiң құқықтарымыз бен мiндеттерiмiз қалай байланысты? Әлемде тек құқықтары бар және мiндеттерi жоқ немесе керiсiнше құқықтары жоқ адамдар бар ма?

Тренинг бiр адамның құқығы екiншi адамның мiндеттерiн орындауға әкеп соғады деген мәселенi талқылаумен аяқталды. Сондай-ақ, балаларды толғандырған даулы жағдайлар талқыланды.

Барлығы 16 адам қамтылды.