«Тәуекел тобындағы» және тұрмысы нашар отбасылардағы жастар үшiн «Бiз өз жолымызды өзiмiз таңдаймыз» тақырыбындағы iс-шара

«Тәуекел тобындағы» және тұрмысы нашар отбасылардағы жастар үшiн «Бiз өз жолымызды өзiмiз таңдаймыз» тақырыбындағы iс-шара

2021 жылғы 7 сәуiрде сағат 15.00-де Ғ.Мүсiрепов атындағы аудан «№ 2 Новоишим орта мектебi» КММ базасында «тәуекел тобындағы» және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан жастар үшiн «өз жолымызды өзiмiз таңдаймыз» тақырыбында iс-шара өткiзiлдi. Iс-шараның мақсаты жалғыздық сезiмiн және жағымсыз эмоционалды жағдайларды алдын-алу, түзету болды. Iс-шара өз сезiмдерiн, күнделiктi өмiрдегi әрекеттерiн талдау арқылы шындық пен өтiрiктi тануға, жалғыздық сезiмiнен арылуға үйретуге бағытталған.

Iс-шара 19 адамды қамтыды.