Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беруге конкурс

Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беруге конкурс

2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) үкiметтiк емес ұйымдарға мемлекеттiк гранттар беруге конкурс жариялады.

Гранттар беру конкурсы гранттық қаржыландыру саласындағы оператор — «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен «Қазақстан Республикасындағы үкiметтiк емес ұйымдарға арналған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына және «Үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың iске асырылуына мониторингтi жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтiк саланың дамуындағы өзектi проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетiн тарту үшiн ұйымдастырылады.

Гранттар беру конкурсына өтiнiмдер 2021 жылдың 20 қантары күнгi сағат 18.30-ге дейiн қабылданады. Ол үшiн https://cisc.kz/2020/12/28/memlekettik-emes-%d2%b1jymdar%d2%93a-memlekettik-granttardy-beruge-arnal%d2%93an-konkurs-zhariyalanady-3 немесе https://cisc.kz/ru/category/obyavlenie-o-grantah/ сiлтеме бойынша өту қажет.