Жоба бойынша қоғамдық тыңдау

Жоба бойынша қоғамдық тыңдау

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында "ZOOМ" платформасы арқылы "Облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды зерделеу бойынша әлеуметтiк зерттеу жүргiзу" жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өттi. Iс-шараға iшкi саясат басқармасының, СҚО ҚХА, полиция Департаментiнiң және мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының өкiлдерi қатысты. Әлеуметтiк зерттеу СҚО Iшкi саясат басқармасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы шеңберiнде ұйымдастырылды, қызметтердi жеткiзушi "Десента" қоғамдық қоры болды. Әлеуметтiк зерттеу Облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласында жүргiзiлдi. Онлайн-кездесу барысында "Десента" ҚҚ өкiлдерi зерттеудiң кезеңдерi, мiндеттерi, әдiснамасы туралы айтып бердi. Сондай-ақ, әлеуметтiк зерттеу нәтижелерi таныстырылды, проблемалық мәселелер мен ұсыныстар айтылды.