Сыбайлас жемқорлық — терiс құқықтық және әлеуметтiк құбылыс

Сыбайлас жемқорлық — терiс құқықтық және әлеуметтiк құбылыс

«The Last Hope «үкiметтiк емес ұйымы» ҚБ СҚО әкiмдiгi iшкi саясат басқармасының Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы шеңберiнде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша iс-шаралар өткiзу» жобасын iске асыруда.

10.12.2020 жылы сағат 15:00-де Бiрiншi сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы және Қызылжар-Адалдық алаңы жобалық кенесiмен бiрлесiп, колледж студенттерi мен аудан жастарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық — терiс құқықтық және әлеуметтiк құбылыс» тақырыбында пiкiрталас клубы өткiзiлдi. Аталмыс iс шараға 20 адам қатысты.

Өтетiн орны: Жамбыл Жабаев көшесi 55.

Дамир Хабибулин — ДАПК алдын-алу және адалдық бөлiмiнiң бастығы сөз сөйледi: Сәлеметсiздер ме! СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiнде 20-дан астам қоғам қайраткерi марапатталды

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты озық халықаралық стандарттар негiзiнде жетiлдiрудi жалғастыруда. «Кешендi тәсiлдiң маңыздылығын сезiне отырып, Бiз сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жүргiзiп, саяси жаңғыртуды басты орынға қоямыз».

Барлық заңнамалық бастамалар Елбасы мен Президенттiң Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жүйелi және ойластырылған саясатын iске асыру болып табылады.

Қазiргi уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан жауапкершiлiк қоғамға жүктеледi. Ол үшiн ведомство жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ақпараттық-ағартушылық штаб, офицерлер кеңесi құрылды және арнайы мониторингтiк топтар жұмыс iстейдi.

Клуб отырысында «сыбайлас жемқорлық» ұғымы, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жасауға ықпал ететiн себептер мен алғышарттар, сыбайлас жемқорлық тұлғаның психологиялық портретi, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың таралуының салдары ашылады.

Руслан Асаубаев — «The Last Hope «үкiметтiк емес ұйымы» ҚБ басқарма төрағасы сөз сөйледi: Қайырлы күн! Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күресу үшiн бiз мынадай iс-шараларды өткiземiз: барлық аудандарда «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерiнiң басшыларын ашу және тағайындау; әлеуметтiк маңызы бар өнiмдер бағасының мониторингi; ауруханалардағы бос төсек-орындардың саны туралы мониторинг, тұрақты ақпараттық жарияланымдаржасау; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау мониторингi (үйлердi жөндеу; «қашықтықты сақта»акциясын өткiзу. Бiздiң iс-шараларымыз пайдалы болады, халықты фактiлер мен алдын алу шаралары туралы хабардар етедi және болашақта сыбайлас жемқорлық болмайды деп үмiттенемiз.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша iс-шараларға қатысқаны үшiн немқұрайлы емес азаматтарды марапаттады.