Жоба бойынша қоғамдық тыңдау

Жоба бойынша қоғамдық тыңдау

«The Last Hope «үкiметтiк емес ұйымы» ҚБ СҚО әкiмдiгi iшкi саясат басқармасының Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы шеңберiнде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша iс-шаралар өткiзу»жобасын iске асыруда.

2020 жылдың 11 желтоқсанында, сағат 16.00-де, жобаның қорытындылары бойынша Бiрiншi сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықпен бiрлесiп қоғамдық тыңдау өтткiзiлдi.

Өтетiн орны: Петропавл қаласы, к. Брусиловский 1, каб. 27.

Руслан Асаубаев– «The Last Hope «үкiметтiк емес ұйымы» ҚБ басқарма төрағасы сөз сөйледi: Қайырлы күн! Бүгiнгi тыңдауда СҚО әкiмдiгi iшкi саясат басқармасының Мемлекеттiк денсаулық сақтау басқармасы аясында жүргiзiлген жұмыстар туралы айтқым келедi. Үш ай iшiнде 9 түрлi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-шаралар өткiзiлдi. Олардың iшiнде: тұрғын үй қабырғаларында граффити суреттер салында «Райтеры сыбайлас жемқорлыққа қарсы». «Сыбайлас жемқорлық және оның салдары» тақырыбында «Брейн-ринг» ойыны; Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша дебаттық турнир өткiзiлдi және де Солтүстiк қазақстан облысы аудандарының қатысуымен үш рет семинарлар; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн азайтуға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға бағытталған әлеуметтiк маңызды мәселелер бойынша семинар-тренинг; «сыбайлас жемқорлық-терiс құқықтық және әлеуметтiк құбылыс»тақырыбында колледж студенттерi мен аудан жастарының қатысуымен пiкiрталас клубы өткiзiлдi.

Өткiзiлген iс-шараларға белсендi қатысқаны үшiн бiздiң қаламызда және аудандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң дамуына үлес қосқан студенттер мен оқытушылар марапатталды.