
№ 17 ұлттық өркендеу ортамектеп-кешенінде «Радзіма» Солтүстік Қазақстан белорус этно мәдени бірлестігі» ҚБ-мен бірлесе ұйымдастырылған 3-сынып оқушыларына арналған танымдық кездесу өтті.
Оқушыларға этно мәдени мұражайға экскурсия ұйымдастырылды, онда барлық ұлттық бөлімшелердің қызметі мен таныстыратын көрме ұсынылды. Айта кетсек, мектепте 10 ұлттық бөлімше жұмыс істейді: қазақ, украин, армян, белорус, әзірбайжан, поляк, корей, татар, неміс және шешен.
Балалар түрлі этностардың тілдері,мәдениеті мендәстүрлерініңерекшеліктерінайқындайтын материалдардытамашалады.
Экскурсияны ұлттық бөлімшелер меңгерушісі және неміс бөлімшесінің мұғалімі Кавун Наталья өткізді.Ол балаларға мектепте әр түрлі этностардың тілдерімен мәдениетін үйрену мүмкіндіктері туралы сөз етті.
Кейін «Радзіма» белорус этно мәдени бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко оқушыларға тартымды белорус тілі сабағын өткізді.Балалар ойын және қол жетімді түрде белорус әліпбиімен және тілдің ерекшеліктерімен танысты.
Мұндай кездесулер балаларға әртүрлі этностардың мәдениетін ашуға, ой-өрісін кеңейтуге және Қазақстанның тілдік алуан түрлілігімен қызығушылықпен танысуға болысады.