
2026 жылғы 14 тамызда Булаев қаласында аудандық Креативті орталық базасында Қазақстанның халықтық Конституциясын қолдау мақсатында М. Жұмабаев ауданына көшпелі экспедиция өтті. Іс-шараны «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.
Экспедиция жұмысына аудандағы этномәдени бірлестіктердің, Аналар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің, құқық қорғау органдары мен жастар өкілдері қатысты. Қатысушылардың мұндай құрамы қоғамдық келісім, халықпен өзара іс-қимыл және қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылау үшін ашық алаң құруға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығының төрайымы Валентина Корнева ұйымның жұмысы, оның қызметі мен қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылы туралы баяндады. Сондай-ақ, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы жастар қанатының қызметі таныстырылды. Бұл ретте жастар қанатының жетекшісі Дениэл Эдилов ақпарат берді.
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың қоғамдық келісімді нығайту мен халықпен жұмыс жасаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Ғылыми-сараптамалық топтың төрайымы Сәуле Сүлейменова сараптамалық әлеуеттің қоғамдық диалог пен азаматтармен өзара іс-қимылды нығайтудағы маңыздылығын атады.
Экспедиция барысында әлеуметтік маңызы бар жобалар да ұсынылды. Қатысушылар Журналистер клубының мүшесі Алтынай Қожабайқызы Сыздықова ұсынған «Кітап оқитын ұлт» жобасымен, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Асылхан Әубәкіров баяндаған «Инклюзивті ассамблея» жобасымен танысты.
Тағы бір маңызды тақырып Медиация орталығының қызметі болды. Медиация орталығының үйлестірушісі Руслан Самаев жанжалды жағдайларды сындарлы шешуге жәрдемдесу және диалог мәдениетін дамыту бойынша жұмыс жайында сөз қылды. Бағдарлама аясында аудандық этномәдени орталықтың қызметімен танысты. Негізгі бөлімнен кейін қатысушылар Креативті орталыққа барып, оның мүмкіндіктерімен және атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты, сонымен бірге «Достық» саябағына, Мағжан Жұмабаев мұражайына және М. Жұмабаевқа арналған ескерткішке барды.
Экспедиция бағдарламасы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Гульмира Бисембаевна Исмахамбетовамен кездесумен аяқталды.
Көшпелі экспедиция тікелей қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу және қоғамдық бастамаларды ұсыну алаңына айналды.
Бұған дейін «Қоғамдық келісім» КММ Қызылжар және Жамбыл аудандарында осындай көшпелі экспедициялар өткізді.