Петропавлда «Құқықтық көмек күні» акциясы өтті

Петропавлда «Құқықтық көмек күні» акциясы өтті

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары ашық аспан астында «Құқықтық көмек күні» акциясын өткізді.

Іс-шара ашық қоғамдық қабылдау форматында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары еңбек, отбасы, тұрғын үй, азаматтық және әлеуметтік заңнама, сондай-ақ заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тегін консультациялар алды.

Тұрғындарға СҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының аға тергеушісі Тимур Жармағамбетов, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Жанат Жұмабаев, Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Әсем Ильясова, сондай-ақ Отбасы банкінің кеңесшісі Кристина Эрейзер консультация берді.

Іс-шараның форматы азаматтардың мамандармен еркін әрі қолайлы жағдайда тілдесуіне мүмкіндік берді. Мұндай акциялар құқықтық мәдениетті арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін іске асырудағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.