
«Казтехмаш» ЖШС базасында қытайлық LiuGong компаниясының жол және құрылыс техникасын құрастыру өндірісі жүзеге асырылуда. Облыс делегациясының Қытайға жұмыс сапары барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Келіссөздер нәтижесінде кәсіпорында шығарылатын техника түрлерін кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Биыл құрастырылатын модельдер саны жетіге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ техниканың екі түрін өнеркәсіптік құрастыру бойынша меморандумға қол қойылды.
Бұдан бөлек, LiuGong компаниясы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында логистикалық орталық салу мүмкіндігін қарастыруда. Тараптар инженерлік және өндірістік кадрларды даярлау бағытындағы ынтымақтастық перспективаларын да талқылады.
Жоба өңірдің машина жасау саласын дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және халықаралық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.