
Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатты қорғау бастамаларына тартуға бағытталған «Green City Day» экологиялық интерактиві өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар экология, қалдықтарды бөлек жинау, ресурстарды қайта өңдеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау тақырыптарына арналған бірнеше танымдық алаңнан өтті. Интерактивті формат жастардың экологиялық білімдерін нығайтып, күнделікті өмірде қолданылатын пайдалы дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік берді.
Шара жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және экологиялық құндылықтарды насихаттауға ықпал етті. Мұндай бастамалар «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың маңызды бағыты болып табылады.
#ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan #GreenCityDay #тазаорта #экология #тазаел #СҚОжастары