«Мерейлi отбасы-2026» Ұлттық конкурс туралы хабарлама

 «Мерейлi отбасы-2026» Ұлттық конкурс туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсы өткізіледі. Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады. Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (29 маусымға дейін).

Екінші – облыстық кезең (15 шілдеге дейін).

Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі. Толық ақпаратты «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы»  КММ сайтынан алуға болады www.dvp.sko.gov.kz.