СҚО үкіметтік емес ұйымдары «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясына қосылды

СҚО үкіметтік емес ұйымдары «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясына қосылды

Петропавл қаласында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен белсенді тұрғындар «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясына қатысты. Іс-шара аясында көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің ескерткіші маңында сенбілік өткізілді.

Қатысушылар аумақты қоқыстан және өткен жылғы жапырақтардан тазартып, ескерткішті де ретке келтірді. Акция тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау мен абаттандыруға бағытталған және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында өтуде.

Осындай шаралар еліміздің барлық өңірлерінде бастау алды. Солтүстік Қазақстан облысында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.