СҚО-да II Халықаралық «AUYL FEST. Қаз өсіру - 2026» фестивалі өтеді

СҚО-да II Халықаралық «AUYL FEST. Қаз өсіру - 2026» фестивалі өтеді

21–22 наурыз күндері «Ауыл» партиясы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп «AUYL FEST. Қаз өсіру – 2026» II Халықаралық фестивалін өткізеді.

Фестиваль аясында Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының жетекші қаз өсірушілерінің, балапан жеткізушілердің, құрама жем өндірушілердің, ветеринариялық және витаминдік препараттар жеткізушілердің, сондай-ақ мамық, қауырсын және ет өнімдерін өңдеушілердің қатысуымен форум мен көрме ұйымдастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Петропавл қаласының жетекші аспаздарының қатысуымен қаз етінен дайындалатын дәстүрлі тағамдар ұсынылатын аспаздық байқау, этно-фольклорлық ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама және ұлттық ойындар өткізу көзделген.