Қызылжар ауданының білім беру саласының қызметкерлері үшін мемлекеттік рәміздер саласындағы түсіндіру кездесуі

Қызылжар ауданының білім беру саласының қызметкерлері үшін мемлекеттік рәміздер саласындағы түсіндіру кездесуі

А.ж. 16 ақпанда Қызылжар ауданы білім беру нысандарының қызметкерлеріне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Гүлмира Жамабайқызы Садырова қатысып, қолданыстағы заңнама талаптарын және мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен пайдалану тәртібін жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарын ресімдеу кезіндегі талаптар талқыланып, қатысушылардың барлық сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің ұлттық бірегейлігі мен Тәуелсіздігінің айқын белгісі. Оларды құрметтеу және талапқа сай пайдалану – әрбір мекеменің және әр азаматтың міндеті.