Солтүстік Қазақстан облысында «Үздік экскурсовод» республикалық байқауы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында «Үздік экскурсовод» республикалық байқауы өтті

2026 жылғы 20 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы Ақан сері атындағы мәдениет үйінде Халықаралық экскурсоводтар күніне орай «Үздік экскурсовод» республикалық кәсіби байқауы өтті.

Байқауды Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ботай» ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты экскурсоводтардың кәсіби шеберлігін арттыру, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттау және туризмді дамыту.

Байқауға музейлер мен музей-қорықтардың экскурсоводтары, туристік ұйымдардың гидтері, тәуелсіз сертификатталған экскурсоводтар, сондай-ақ мәдени және туристік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.