
30 қаңтар күні Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center базасында өңірлік SKO HUB IT-хабы ұйымдастырған DIGITAL & AI MARKETING 2026 форумы өтті. Іс-шара тиімді digital-құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін бизнесте қолдануға мүдделі кәсіпкерлерді, маркетологтарды және сала мамандарын біріктірді.
Форумның негізгі өзегі - 2026 жылы нарықты айқындап отырған өзгерістер. Бүгінде digital-маркетинг «идея үшін идеядан» нақты өлшенетін көрсеткіштерге көшті. Сатылым, автоматтандыру және шығындарды оңтайландыру тиімділіктің басты метрикаларына айналды. Қатысушылар нәтижесі жоғары құралдарды талқылап, тиімсіз жарнама шығындарын азайту, маркетингті клиент көзқарасы тұрғысынан құру және AI-ды пайдалану арқылы шығындарды қысқарту тәсілдерін қарастырды. Жекелеген кейстерде мұндай үнем 60%-ға дейін жетуі мүмкін екені айтылды.
Бағдарлама нақты кейстермен және бюджеттермен жұмыс істейтін практик мамандардың баяндамаларын қамтыды. Тақырыптар қатарында әлеуметтік желілердегі ілгерілету трендтері, блогтарды монетизациялау, «иллюзиясыз маркетинг», деректерге негізделген басқару және нарықтың жаңа жағдайындағы сатылымдар болды.
Форумда Кристина Маракушкина, Искандер Жанартов, Динара Тюлегенова, Наталья Абрамова, Дамир Тлеубаев, Олжас Маратулы және Александр Решетнёв спикер ретінде сөз сөйледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум кәсіпкерлер мен бизнес иелеріне, маркетологтар мен SMM-мамандарына, басшылар мен сату бөлімінің менеджерлеріне, сондай-ақ бизнес-процестерге AI-шешімдерді енгізуді жоспарлаған азаматтарға бағытталды.
Іс-шара соңында серіктестер атынан сыйлықтар ойнатылды.