Жаңа Салық кодексі: СҚО бухгалтерлері негізгі өзгерістерді талқылады

Жаңа Салық кодексі: СҚО бухгалтерлері негізгі өзгерістерді талқылады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Құжатта арнайы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылды. Осыған байланысты Re.Woman әйелдер қауымдастығы өңір бухгалтерлерімен кездесу өткізіп, қатысушыларға салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер түсіндірілді және өзекті сұрақтарға жауап берілді.

«Тақырып бүгін өте өзекті, себебі кәсіпкерлерді салық салу мәселесі қатты алаңдатып отыр, олар бұдан кейін қалай өмір сүретінін, жаңа, мүмкін өздері үшін қиындықтармен қалай күресетінін ойлауда. Негізі жаңа Салық кодексінен қорқудың қажеті жоқ. Өзінің кейбір тұстары бар, оларды тереңірек танып, түсініп, қабылдау керек», - деді Re.Women әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Асель Самаратова.

Жаңа Салық кодексінде үш арнайы салық режимі қарастырылған: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтары үшін. Негізгі өзгерістердің бірі - қосылған құн салығы мөлшерлемесінің 12 пайыздан 16 пайызға дейін өсуі.

«Қазір бізде жалпыға бірдей белгіленген режим бар. Жеке табыс салығын есептеу кезінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі бойынша шегерімдер қолданылмайды. Енді оңайлатылған режимде ҚҚС-сыз 600 мың АЕК-ке дейінгі айналыммен жұмыс істеуге болады», - деді бухгалтерлік фирманың жетекшісі Юлия Максаймер.

Кәсіпкерлерге 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық салу режимін таңдау туралы хабарлама беру қажеттігі ескертілді. Мұны салық төлеушінің кабинеті, «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа талаптар туралы уақтылы ақпарат алу кәсіпкерлерге салықтық жүктемені алдын ала бағалауға, қателіктердің алдын алуға және өзгерістерге сенімді түрде бейімделуге мүмкіндік беретінін атап өтті.